Жетпіс екідегі «келіннің» әрекеті көпті таңқалдырды

Американың Теннесси штатында 72 жастағы Амельда Эррел 19 жастағы Гэри Хардвик есімді ерекше жанұя тұрады

53 жас айырмашылығы бар отбасы екі жылдық мерейтойларын атап өтті. Эррел мен Хардвик бір-бірімен танысқаннан кейін екі апта өткенде некелерін қидыруға бел буған.

Алты немересі бар кейуана сол кезде небәрі 17 жаста болған жігітке тұрмысқа шыққан. Эррелдің ұлы анасының бұл қылығын құптамаған. Ал кейуананың немерелері тойға барудан бастартпапты.

Алғашқы күйеуімен 43 жыл бірге тұрған. 2013 жылы күйеуінің қазасынан кейін нағыз махаббатын жолықтырғанын жасырмайды. Ал Гэри болса кейуанамен бірге бақытты өмір сүріп жатқанын алға тартты.