«Қытай қазақ газеттерін өртеп, оқушыларға ұлттық киімдерін киюге мәжбүрлеуде»

Қытайлар Қазақ және Ұйғыр тілді оқулықтарды, газет-журналдарды өртеуде.
Шыңжаңдағы аз санды ұлт оқушылары Қытайдың дәстүрлі ұлттық киімдерін киюге міндеттелді.

Шыңжаңның орталығы Үрімші,Іле облысы қатарлы жерлердің ғылым-білім мекемелері өткен аптада әр қайсы аудандық және ауылдық бірінші дәрежелі орта бастауыш мектептеріне құпия бұйрық беріп,оқушылардың үйдегі көне нұсқадағы оқулықтарын,қазақ тіліндегі кітаптарды жоғарыға тапсыруды бұйырған және мұғалімнің оқушының үйіне барып тексеру жүргізуін әрі мұсадралаған оқулықтарды мектепке тапсырып біржақтылы етуін талап еткен. Шетелдегі Ұйғыр ұйымдардың айтуынша,оңтүстік Шыңжаң мен Хотан өңірінде, Ұйғыр Тіліндегі және Түркі мәдениеті кітаптарыда тәркіленген.

Шыңжаң Ілелік атын айтуды қаламаған бір қазақ азаматының тілшімізге мәлімдеуінше, осы дүйсенбі күні (2 сәуір) Үрімші, Іле,Санжы сынды жерлердің ғылым-білім бөлімдері наурыз айының соңында әр қайсы аудан,ауылдық мектептерге құпя бұйрық түсіріп,оқушыларға құпя нұсқау беріліп,үйлеріндегі 10 жыл бұрынғы көне нұсқадағы оқулықтарды жоғарыға тапсыруды бұйырған, соңын ала тағыда бір бұйрық шығарып үйлеріндегі барлық қазақ тіліндегі журналдар, газеттер, кітаптар және баспа материалдары мектепке тапсырылуы керек екен.Әрі мұғалімдерді оқушылардың үй-үйін аралап Қазақ тіліндегі кітаптың бар жоқтығын анықтау тапсырылған.Тінтіп тауып алған жағдайда,мектепке жіберіліп,мектеп бір тұтас жарақсыз заттарды жинау орталығына жөнелтетін болған.

Осы Қазақ азаматының айтуынша,қазіргі уақытта Қазақ отбасылардың көпшілігіде ертерек жылдарда басылған қазақй кітаптар дерліктей жоқ. Бұдан бөлек,Ұйғыр тіліндегі ескі оқулықтар мен Ұйғыр мен Қазақ тіліндегі Түркі мәдениеті кітаптарыда билік тарапынан тәркіленген. Кейбір отбасылар үш доңғалақты велосипед немесе машина жалдап кітаптарын мектепке тиеп апарып сонда өртеген.Қазыр барлық мектептің спорт алаңы кітаптармен лық толған — дейді .

Бас штабы Германия да тұратын дүниежүзілік Ұйғыр конгресінің спикрмәні Ділшат журналисмызға әшкерелеп: оңтүстік Шыңжаң Хотан, Қашғар қатарлы жерлерде,Ұйғыр тіліндегі білім беру оқулықтары және басқа да Ұйғыр тіліндегі кітаптар жоғарыға тапсырылу міндеттелген.

Ол былай деді:

Қытай үкіметі Шынжаңның оңтүстігі,солтүстігі мен шығысында жоспарлы түрде әрекет жасап,Ұйғырлардың діни, тарихи және мәдени кітаптарын жинап алу. Әрі өзара әшкерелеу, қадағалау сынды әдіс қолданып,кітап жинау науқанын өрістету.Әсіресе кімнің үйінде Қытай әскерлері Шыңжаңға тұрақты қоныс тебуден бұрынғы жазылған кітап болса ,сол адамды тұтқындау.екінші жағынан, Қытай үкіметі Ұйғырларға ресми баспасөзден тыс жарық көрген тариxқа байланысты кез келген кітаптарды тапсыруды міндеттеген.

Ділшаттың айтуынша,қытай білім беру секторы аз санды ұлттардың тіліндегі кітаптарды тәркілеуі бұл кітаптарда жазылған тариxи оқиғалар қытай билігінің өзі жазған тариxымен ,салт дәстүрімен мүлдем ұқсамайтындығы қытай билігін алаңдатады.Ұйғыр, қазақ,қырғыз, татар сынды ұлттар түркі тілдес ұлттар болғандықтан,биліктің осы сияқты ұлттардың басылымдарды тәркілеуі түркі мәдени ықпалын жоды көздейді.

Қазақ азаматының айтуынша,қазір жергілікті Қазақ, Ұйғыр, Қырғыз қостілді мектептері іс жүзінде өз ұлтының Ана тіліндегі оқулықтарды қолданбайтын болған. «аталмыш қос тілді мектеп, бірақ үйретіліп жатқаны Қытай тілінде ғана.». Басым Көп сандағы азсанды ұлт тіліндегі мектептері Қытай мектептеріне біріктірілді.

Қытайдың Ассоциациясының арнайы баяндамашысы Циа Нонг баяндамасы