«Тозақты көрдім, көпшілігі…»

Әйелдерді тозақтан сақтандырған Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)«Ей, әйелдер қауымы, садақа беріңдер! Мен тозақтықтардың көпшілігінің сендерден екенін көрдім», – деген. Сонда әйелдер: «Ол не үшін, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. Пайғамбар Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарғысты көп айтасыңдар, күйеуге қарсы келесіңдер»– депті.

Тағы бір хадисте Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Тозақты көрдім… және оның тұрғындарының көпшілігі әйелдер екенін көрдім», – деген. Сонда адамдар: «Не себепті, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. «Күпірліктері себепті», – дейді. «Олар Аллаға күпірлік қыла ма?» – деп сұрапты. Сонда Пайғамбар Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күйеуіне күпірлік қылады, жақсылыққа күпірлік қылады. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық істеп келіп, сосын сенен бір нәрсе көрсе: «(Сенен) еш жақсылық көрмедім», – деп айтады», – деп жауап берген.