Тойға бара жатқан көлік апатқа ұшырады (Видео)

Үндістанда жүк көлігімен тойға бара жатқан қонақтар жол апатына ұшырап, 21 адам оқиға орнында қаза тапқан деп хабарлайды 31-арна.

14 адам дене жарақатын алып, Сидхи қаласындағы ауруханаға жатқызылыпты.

Оқиға Үндістанның орталығында тапатал түсте болған. 40 шақты адам тойға жету үшін ауыр көліктің жүк тиейтін бөлігіне мінген. Жүргізуші көпірдің үстімен келе жатқанда рөлге ие бола алмай, қоршауды сындырып өзенге құлаған. Алайда көлік суға емес, саяз жерге түсіпті, сондықтан қаза болғандар саны көп.