«Тоқал деп жүргеніміз жезөкше». Балғынбек Имаш бүгінгінің тоқалы жайлы ойын айтты (видео)

Қоғамда «Астана тоқалдардың қаласы» деген түсінік қалыптасқан. Осы сөз қаншалықты рас? Жас әрі әдемі, көркіне көз тоятын арулардың бір күндік құны қанша?

Бұл жайында «Евразия» арнасы хабарлады.

Жас сұлулар неліктен жеңіл ақшаға қызықты? Олардың айтатын негізгі себебі: күйбең тірліктен шаршағаны.

«Евразия» арнасының тілшілері, арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, ондаған бойжеткен қалтасы ақшаға толы «ағашкалардың» ашынасы болуға қарсы емес екенін білдірген.

Айнұр есімді бойжеткен өзінің заң орнында жұмыс жасайтынын, бүгінде бір баланың анасы екенін жасырмай айтты. Сондай-ақ ол айналасындағы құрбыларының шенеуніктердің тоқалы екенін де жайып салды.

Айнұр бір күнде 50 мың теңге алатын болып шықты.

Балғынбек Имашевтің айтуынша, бүгінгі күннің тоқалы мен бұрынғыны салыстыруға мүлде болмайды. Себебі, қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады екен.

«Тоқал деген сөз өз мағынасын жоғалтты. Қазір,тоқал десе бүкіл әйел затының шашы тік тұрады.

«Тоқал деген біреудің күйеуін тартып алатын, пайдаланып ақшасын алып кететін, жеңіл жүрісті қыздар» деген пікір қалыптасқан», — дейді ақын.