Теріс ағымның жетегінде кеткен әке балаларына жасаған ісі көптің жағасын ұстатты

Өткен жылдың желтоқсан айында елдің жағасын ұстатқан оқиға орын алды. Колорадо штатының тұрғыны Джон Колтарпты полицейлер тұтқындап, төрт баланың өмірін аман алып қалды.

Белгілі болғандай, Джон теріс ағымға кіріп, санасы уланған. Өзін пайғамбар санаған ол кішкентай екі қызын әріптесіне келін қылып, екі ұл баласын зорлатқан.

«Балаларым психологиялық соққы алғаны соншалық, еркектің есімін болмаса даусын естісе төбе шаштары тік тұрады» дейді анасы.

 

Полициялық рейд жүргізген уақытта әкелері балаларын азынаған қойманың ішіне жасырған. Джон мен оның серіктесі қылмыс үстінде ұсталды.