Тағы да бір автобус өртенді

Аягөз-Семей бағытындағы жолда автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Жарма ауданында 2018 жылдың 2 сәуірге қараған түні болды. Аягөзден Семейге қарай бара жатқан автобус бұзылып қалған. ШҚО ТЖД хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Жүргізушілер автобусты жөндеу үшін жол бойында қалып қойып, Аягөзге кері қайтқан кезде көліктен жалын шыққан. Жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан 70 шақырым қашықтықта еді. Өрт сөндірушілер көмекке келген кезде, автобус жанып кеткен», — делінген баспасөз мәліметінде.

Мамандар орын алған жағдайдың себебін анықтауда.

baq.kz