Тұтас ауыл жеккөрген суретші дүниеден озғанда ел өкініштен өкіріп қалды

Иллюстрациялық фото

Күндердің күнінде бір мұсылмандар шоғырланған ауылында қолынан өнері тамған суретші болыпты. Оның салған суреттері өте әдемі әрі тез сатылып кетеді екен. Бұл суретшінің жұмыс орнына жақын орналасқан бір қасапшы кісі жұмыс жасайды екен. Екеуі бір-бірімен жақсы қатынаста, тату болады.

Содан бір күні ауылдың кедей-кепшіктері мен жетімдері бас қосып әлгі суретшіге келіп:

– Сен сурет салуда өте шеберсің әрі бұл еңбегіңнің табысы да жоғары. Ал, мынау жаныңдағы қасапшы сен сияқты көп ақша таба алмаса да, күнде жұмысынан қайтарда біздерге бір жұдырық ет кесіп тегін таратып кетеді. Сен неге қасапшы секілді бізге қарайласпайсың, — деп сұрайды.

Сонда суретші еш тіл қатпастан жымияды да тіл қатпастан жұмысын әрі қарай жалғастыра береді. Бұған ашуланған бір топ тұрғын одан теріс айналып, ауылдың тұрғындарына суретшінің өте сараң адам екенін жеткізіп барады. Сол күннен бастап ауыл тұрғындарының ішінде суретшімен ешкім байланыс жасамайды. Күндер өтіп әлгі суретші қатты ауырып, сол ауруынан айыға алмай жалғыздықта көз жұмады.

Суретшінің дүниеден өтуімен қатар ауылдың мұқтаж тұрғындарына әлгі қасапшы ет беруді де тоқтатады. Сонда ауыл тұрғындары әлгі қасапшыға келіп неге ет беруді тоқтатқанын сұрағанда қасапшы тұрғындарға мән жайды былай баяндапты:

– Жұмыстың бір күнінде жанымдағы суретші маған келіп күнде ақша беріп тұратынын айтты және сол ақшаға мен күнде жұмыстан қайтарда ауыл тұрғындарына өзім сатқан еттен бір бөлігін тегін тарқатуымды сұранған еді. Сол күннен бастап мен сіздерге күнделікті ет беріп жүрдім. Ал, енді ол суретші арамызда жоқ өмірден өтіп кетті. Енді мен сіздерге тегін ет тарқата алмаймын, — деген екен.

Түйін: Ешбір адамның сыртына қарап тон пішуге болмайды. Мүмкін, ол адамның жан дүниесі Алланың алдында сізден жақсы болуы мүмкін.

Жалғас АСХАТҰЛЫ