Тәртіп сақшылары видеоға түсіп қалған жұпқа іздеу салды (Видео)

Видеодағы жұптың әрекеті көптің жағасын ұстатты. Олардың осы әрекеті үшін әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Видео мұқият зерттеліп, оған қатысқан адамдар іздестірілу үстінде. Бұзақылық бабы бойынша жауапкершілікке тартылатын болады дейді құқық қорғау органдағылар.