ШҰҒЫЛ! Сауда үйі өртеніп, 35 адамның мәйіті табылды

Кемеров қаласының «Зимняя вишня» сауда үйінде орын алған өрт салдарынан 35 адам қайтыс болды. Бұған дейін 20 адамның мәйіті табылған еді.

Ресми дерекке сенетін болсақ, 69 адам жоғалып кеткен, оның 40-ы бала. Алдын ала ақпарат бойынша, 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар.

100 адам эвакуацияланды. Еске сала кетейік, өрт 25 наурыз күні түсте орын алған.