Үш жігіт өлімін видеоға кездейсоқ түсіріп алды (Видео)

Үндістанда қайғылы оқиға орын алды. Үш жігіт суға батып кеткенін камераға кездейсоқ түсіріп алған. Қайғылы оқиға Раджаманд қаласында болған деп хабарлайды Daily Mail порталы.

БАҚ-тың хабарлауынша, үш жігіт серуендеп жүріп, суға шомылмақшы болған. Жүзе білмегендеріне қарамастан, судың жағасына тоқтап, салқындамақшы болған. Суға түскендерін камераға түсірген.

Ең алдымен бір жігіт батып кеткен, оған көмектесемін деген екі жігіт те артынан ғайып болған.

Ескерту: Жүрегі әлсіздерге видеоны көрмеуге кеңес береміз!