САЙТ ЖАБЫЛСЫН! Қазақ отбасына минет жасауды насихаттаған кім?

«Айқаракөздің» көздеген мақсаты не? Атына заты сай ма? Әйел ұлт келбеті. Ал бұлардың жасап отырғаны не? Кеңестері мен жазбалары адам шошырлық. Мына жазба шектен шыққандық енді. «Әйелің минет жасап берсің десең» деп аталатын жазбаны жауып қана қоюға болушы еді. Жоқ. Бұлар әйелдің санасын өзгерткісі келеді. Мұсылман әйелдің. Құдай-ау, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста жоқ нәрсені бұлар келіп насихаттайды. Жасауға кеңес береді. Не сұмдық бұл?

«Минет жасамауға себеп көп: діни, ұлттық себептерден бастап» дегенін түсіндік. Ал «еріне деген махаббатының жеткіліксіздігі» дегені қай сасқаны? «Актив минет ер мен әйелдің өзара рухани жақындасуына ықпалын тигізеді» дегені тіпті шеңберге сыймайды. Қайдағы руханият? Қорыта айтқанда, бұлар өздері күнә жасап қана қоймай, біреуді күнәға итермелеп тұр. Ақпарат соғысында мұндай жазбаларды оқыған жұрттың илануы әбден мүмкін нәрсе. «Айқаракөз» ұлттың тұтқасы әйелді тәрбиелей ме десек, азғырып отырған көрінеді. Бұл сайт та ҰятTUBE-тің қатаң сынынан өтпеді. Сайт жабылсын деп үндеу жасаймыз.

hikaia.kz