Несиені қайтармауға болады — Ұлттық банк төрағасы

Қабылданған жаңа заң жобасы бойынша онлайн-несиені белгілі жағдай бойынша қайтармауына болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді деп хабарлайды Hikaia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Түрлі топтағы қоғамдық топтарға бұл қызықты болатыны анық, Адамдарды алдап, оларға жоғары пайызбен несие беру деген не сұмдық? Мұндай жағдайда несие алушы қайтармауға құқығы бар» деді Ақышев.

Еске сала кетейік, депутат Аманжан Жамалов бұл мәселені көтеріп, микронесие ұйымдары туралы айтқан болатын. Күніне 2 пайыз, жылына 730 пайызбен беретін ұйымдар бар екен.

«Өткенді бір жағдайға тап болдым. Бір адам онлайн-несиеден 60 мың алған. Белгілі жағдаймен қайтара алмаған. Бір жылдан соң қараса, қарызы 1,2 миллионға өскен. Масқара ғой» дейді Жамалов.