Мына сөздің мағынасын білген қазақ ешқашан айтпас еді

Әбу Һурайра (р.а.):

«Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.):

Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме? — дегенде,

Сахабалар:

Алла пен Оның елшісі бізден жақсы біледі — деді.

Алла Елшісі (с.ғ.с.):

Ғайбат — мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың — деді.

Сахабалардың бірі:

Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше? — деп сұрады.

Сонда ол:

Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың — деп айтты» — деген.

(Муслим риуаят еткен)