Моңғолдан жеңілген қазақ көптен көмек сұрады

Қазақ тілі түркі тектес халықтар тілі ішінде ең бай тіл екенін ғалымдар 130 мыңдай сөз енген «Қазақ сөздігі» (Алматы 2013 ж) арқылы танытты. Қазақ тілі сияқты моңғол тілі де аса бай тіл. Бірақ өз тіліңе қырғы тигізбейсің ғой, құмалағыңды төрттен қоясың. Осы саладығы әңгімеде бір моңғол досым: «Моңғолдар «өлді», «өлтірді» деген ұғымды 100 түрлі синониммен (балама сөзбен) жеткізеді, моңғолдың тілінің байлығын осыдан-ақ аңғара бер» деп мақтанған еді. Мүмкін асырып айтқан шығар. Сосын қазақ тіліндегі «өлді», «өлтірді» деген ұғым білдіретін синонимдерді санай бастадым. (Құрметпен, діни жолмен, әзілмен, кекесінмен т.б.) Неше күн ойланып, жиып теріп 87 жетіге жеткіздім.

Ажалы жетті
Ажал айдады
Ақтық сапарға аттанлды
Айырылып қалдық
Арамыздан аттанды
Ақырет сапарға аттанды
Ақтық демі үзілді
Атау кересін ішті
Аты өшті
Бақилық болды
Бақилық сапарға аттанды
Бақи дүниеге көшті
Басына жетті
Басын мүжіді, басын жұтты
Беті ары қарады
Бетін қыбылаға бұрды, қаратты
Бой ұсынды
Ғайыптың құсы болды
Дәмі таусылды, дәм-тұзы таусылды
Дүниеден озды
Жазым болды
Жазымыштан озды
Жаһанамға жан тапсырды
Жаны жаһанамға кетті
Жаны жәннәтқа кетті
Жаназасын шығарды
Жан тапсырды
Жан қиды
Жантәсілім етті
Жарығы сөнді
Жарық дүниемен қоштасты
Жәукен алды
Жер жастанды
Жер қойынына енді
Жер бесікке тапсырды
Жер жалмады
Жер тартты, жер жұтты
Жеті мойны жерде қалды
Жөштеді
Жүрімі (жұрыны) үзілді
Жүгермек болды
Жүріп кетті
Жүрек соғысын тоқтатты
Жұлыны үзілді
Жұлдызы сөнді
Кебін киді
Келмеске кетті
Көз жұмды
Көзін жойды, құртты
Қанын төкті, ішті
Қара жердің қойынына кірді
Қайтпас сапарға кетті
Қайтыс болды
Қаза болды
Қазасы жетті
Қазаға ұшырады
Қыршынынан қиылды
Қара жерге кірді
Құрбан болды
Марқұм болды
Мәңгілік өмірге кетті
Мерт болды
Мәңгілікке дамылдады
О дүниелік болды
О дүниеге аттанды
Опат болды
Өлді
Өмірмен қоштасты
Өмірден озды
Өрем қапты
Өмірем қапты
Пәниден өтті
Пәни дүниемен қош айтысты
Сеспей қатты
Сиратқа аттанды
Соңғы сапарға аттанды
Сүрігі бітті
Сызығы бітті
Тырқиды
Түбіне жетті
Тыныштық тапты
Тіл ауызын қойды
Шапағатшы болды
Шетінеді
Шәһит болды
Шырағы сөнді
Ысрат сапарға кетті
Енді сіз ойдланып көріңіз. Мүмкін, 100-ге жеткізерсіз.

Бодаухан Тоқанұлы
Atazhurt2050.kz