Әкесінен қашқан 12 жастағы қыз үйдің төбесінен секіріп кетті (Видео)

Әкесінен қашқан үнді қызы үйдің төбесінен секіріп кетті. Болған оқиға телефонға түсіп қалған деп хабарлайды Mirror.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әкесі қызының балконда телефонмен көп уақыт сөйлескендіктен қапалы болған. Видеодан көрініп тұрғандай, әкесі баласын ұрып жатқан. Мұндай соққыдан қашпақшы болған қыз үйдің төбесінен секіріп кетті.

Нәтижесінде, бала аяғынан жарақат алып, қабырғасы сынған. Қазір қыз бала ауыр халде жатыр. Әкесі тұтқындалды. Бірақ тергеу амалдарынан соң бостандыққа жіберілген.