«Кенже» фильмінің он жастағы актеріне көмек қажет (Видео)

Алматыда ерекше өнерімен танылған актер балаға шұғыл қаржылай көмек қажет деп хабарлайды КТК арнасы.

Үлкен экранның кішкентай жұлдызы Кореяда өмір үшін арпалысуда. Жаны қиналған 10 жастағы алматылық актер балаға диагноздың өзі әрең қойылған. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы асқазан ауруынан емделіп, оның денсаулығы әбден нашарлап кетіпті. Сөйтсе, Айбек Жебеген қатерлі ісік дертіне шалдыққан екен. Мұны жіті зерттеу жүргізген шет елдік мамандар анықтаған.