Көзіне көрінген белгінің кейіннен не екенін білгенде аң-таң болған

Өзімізде түсінбей кейде, жұмбақ бір әлемнің құбылыстарына куә болып жатамыз. Сол сияқты, ақын Қуанышбек Мұқтай ағаның, өзі куә болған жұмбағы көп дүиенің тылсым құбылыстары;

Жұмбағын шеше алмасам да, көп құбылыстар көзіме өңімде көрініп, ақыры оны Жаратқан Иемнің не үшін көрсеткеніне, талай-талай көзім жетіп келеді…

Мысалы, Әлмерек әулие атаның басында, құрмалдық беріп жатқанда, баламның қазасынан кейін, бір жұмадан соң шешемнің көз жұматынына дейін анық көрсеткен еді.

Әлі есімде, 2005 жылы қара күзде, Алматы қаласының шетінде орналасқан Әлмерек әулиенің басына 30 шақты ұлтшылдар жиналып, үлкен қара қошқарды сойып, ас бердік. Ұзыннан ұзақ қойылған аласа стөлге ас қойып, бәріміз жапа-тармағай асқа қол созған кезде менің жанарымды бір тылсым күш қарсы алдымдағы терезеге тартып кетті.

Терезенің сыртында, манағы қой сойған жерге аспаннан аққа оранған ұзын мәйіт түсті де, артынша қысқа мәйіт түсті. Жерге баяу қонған жапыраққа ұқсап. Мені тағы бір күш итермелеп, «бисмилла» дегізіп, бетімді сипатты. Қарсы алдымда отырған, Тәңір дініндегі Мұрат Нүсіп ағам ол кісі де маған қарап отыр екен, бетін сипады.

Далаға шыққан соң ол кісінің неге бет сипағанын сұрасам: «Сенің терезеге қарағандағы жанарыңның қарашығы үлкейіп кеткен екен, түсіндім, көзіңе бірдеңе көрініп отырғанын» деді. Содан көп ұзамай желтоқсанның 22 күні ,ұлым қайтыс болды да, артынша бір жұма болмай жатып шешем қайтыс болды… Баламның бойы ұзын, ал шешем орта бойлы адам еді.

el24.kz