Көлікке мінгенде үнемі мына нәрсені ұмытпаңыз!

Оқылуы: «Бисмилләһ, әлхамду лилләһ».

Мағынасы: «Аллаһтың атымен, барлық мақтаулар Аллаһқа тән».

***

Оқылуы: «Субхәнәл-ләзи сәххара ләнә һәзә уә мә куннә ләһу муқринин. Уә иннә илә раббинә ләмунқалибун». Мағынасы: «Бізге мұны бағынышты еткен Аллаһ пәк. Әйтпесе, біз оның маңына жақындай да алмас едік. Сөзсіз біз Жаратушы Иеміз жаққа қайтамыз» («Зухруф» сүресі, 13 аят).

***

Оқылуы: «Әлхәмду лилләһи, әлхәмду лилләһи, әлхәмду лилләһи, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, субхәнәкәл-лаһумма инни заләмту нәфси фәғфир ли, фә-иннәһу лә йәғфируз-зунубә иллә әнт». Мағынасы: Аллаһ барлық мақтауларға лайық! Аллаһ барлық мақтауларға лайық! Аллаһ барлық мақтауларға лайық! Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Уа, Аллаһ! Сен пәксің. Әлбетте мен өзіме зұлымдық жасадым, мені Өзің жарылқа. Өйткені шын мәнінде Сенен басқа күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ.