Халыққа 31 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылады

Қарағанды облысының тұрғындарына жылумен қамту қызметтерінің бағасын қайта есептеп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз аумақ бойынша есептеу құралы жоқ тұтынушылардың ақшасын қайтарамыз. Ал құрылғылары бар азаматтарға қайта есептеп береміз. Тамыздың басында түбіртектерден байқасаңыздар болады. Қарағанды бойынша 31 млн 740 мың теңге қаражат қайтарылады», — деді «Қарағанды жылу өндіру» ЖШС-нің баспасөз хатшысы Әсем Исабекова.

Айта кету керек, өңірдегі (Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Сәтбаев) жылыту маусымы үшін қайта есеп жүргізудің нәтижесінде қайтарылатын жалпы сома 266 млн 88 мың 791,74 теңгені құрады (ҚҚС-ты қосып есептегенде). Қайта есептеу нәтижелері бойынша қайтарылатын төлем сомасы алдағы жылыту маусымында дербес шотта бөлек жолда көрсетіледі.