Германияда жүк көлігі бір топ адамды басып кетті (Видео)

Германияның Мюнстер қаласында жүк машинасы бір топ адамды басып кеткен. Үш адам тіл тартпай кеткен деп хабарлайды Rheinische Post. Басылымның хабарлауынша,20 адам қатты жарақат алған. Жағдайлары өте нашар. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі болған оқиғадан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Көлікте болған тағы екі адам іздестірілуде.