Есек қалай бастық болды? (Болған оқиға)

Жалпы мен болмасам мына дүние қараң қалады деген ойда жүргендерге қарап «Не деген амбиция. Не деген өзіне деген сенім» деп қоямын. өзіме сынмен қараймын. Менде де амбицияның көкесі бар. Бірақ өзіңнен асқан өркеудені көргенде тәубе демеске шараң жоқ.

Бір анекдот еске түсті. Туркияда бір баладия (аудан) бастығы өмір бойы демалысқа шықпайды екен.Мен кетсем мына жер қараң қалады деп ойлайды екен. Онымен мәмілеге келу де мүмкін емес, Сөз тыңдамайды екен. Содан оны бір айлық демалысқа кетуге көндіреді. кеткен кезінен бастап кабинетіне бір есекті байлап алдына шөп салып баға береді. Отыз күннен кейін демалып келген бастық кабинетіне келсе есек тұр жусап. әй мынау не деп сұрайды…Олар да сіздің орныңызға осы есек бір ай бізді басқарды деседі…

Әлгі пенде сол кезде барып өзінің хәлін түсінген екен…

Dosay Kenjetay

Фейсбуктегі парақшасынан