Ернар Айдар қайырымдылық жасаймын деп сынға қалды (Видео)

Ернар Айдар жәрдем сұраған науқас қыздың отбасына барып, қажетті заттарын алып берді деп хабарлайды Қызықты студия.

Ернар Айдар желіде өзінен көмек сұраған науқас қыздың отбасына арнайы барып, көмек көрсетті. Әнші науқас қызға қажетті медициналық жабдығын алып берді.

“Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік. Адамгершілік-тің асқары – айналаға жақсылық жасау, қолдан келгенше қуанту. Ернар Айдар көрермені жазған əр пікірге зейін қойып оқитыны соншалық, жағдайын жазған жас ананың жəне оның отбасының жағдайын білуге тікелей өзі барды жəне құр алақан емес əрине. Қажеттеріне жарап қалар жаңа технологиямен жабдықталған медициналық техникасын ала барды. Балапанның дертіне шипа берсін!”, – деп жазады әншінің фан-клубы.

Қыздың анасы әншіге рахметін, айтып риза болды.

“Рахмет сізге көп-көп кызыма көмектесіп, үйіме келгеніңізге! Алланың нұры жаусын!”, – дейді қыздың анасы.

Пікір білдірушілердің басым бөлігі Ернар Айдарға алғысын жаудыруда. Алайда, сынап тастағандар да бар.  Gulmirash Korazova есімді желі қолданушысы: «Көмек, қайырымдылық іс деген… Өзі тамаша сауап іс қой… Дегенмен де ондай жақсылықтарды жария етудің қажеті жоқ. Оң қолыңмен бергеніңді, сол қолың білмесін дегендей… Жасаған жақсылықты Құдай және өзі білсе болғаны. Ондай жасырын қайырымдылықтың сауабы 1000 есе болар еді» десе, оны құптаған Ұзақбай Шахмет: «Жарнамаламай-ақ жасау керек» деді. Сәбит Сақтапов болса «Әлеуметтік желіге салып нең бар. Алла көріп тұр ғой сол жеткілікті емеспе?! Тығып бергеніңнің сауабы көп болар еді. Елге жария қылмай. Алла қабыл қылсын. Келесі жолы жария етпе. Беріп жатқан адамыңа да айт менің есімім аталмасын деп. Әйтпесе ол мақтангершілікке алып келеді» деді.