Аяғы ауыр әйел көптен көмек сұрады

Енем балалы болғанымды қаламайды· Тұрмыс құрғанмын.Құдайға шүкір бір балам бар.Менің мәселем күйеуім.Ол кісі менімен болғанда лаззат алмайды.Жұмыстан келгенде,күнімен қыздармен сөйлескенін өшіріп тастайды.Бірақ біраздан кейін,ол қыздар жазып тұрады.Сол үшін күнде ұрысамыз.
· Екінші балама аяғым ауыр.Бірақ мен сенімен болғым келмейді деп жаныма бататын сөздер айтады.Сіздерден сұрарым қалай етсем, күйеуімнің ықыласын өзіме қаратамын?Екінші баламды дүниеге әкелу ерте емес пе? «Енем тағы туасың ба?Алдырып таста !»дейді.Кішкентайымызға 11 ай.Ертең баланы алдыртсам ауырмаймын ба?О баста бір –бірімізді сүйіп –ақ қосылған сияқты едік.Енді бір –бірмізден суып барамыз.Ортамызда ештеңе жоқ. Махаббат деген бос әңгіме сияқты меніңше.

Махаббат деген жанұяның ауызбірлігі,махаббат деген ата –ананың балаға теңдей бөлген ықыласы.Махаббат деген,бір –бірің үшін отқа да,суға да түсуге дайын болу.Ал сол жоқ болса,сезім де жоқ. Енем мен күйеуім балалы болғанымды қаламайды.Сонда кімнің ұрпағын көбейтіп,ізін жалғар бала тумақпын?Бір тырнаққа зар болып жүргендер де бар ғой.Соны ойласам ішім ит жыртқандай болады.Адамның қәдірі,ұрпақтың қәдірі осылай кеткені ме?