Елінің қамын ойлаған мемлекет қоғамдық көлікті мүлдем тегін етпек

Бұл жоба 1 шілдеден бастап жүзеге аспақ. Мұндай ауқымды шаруаға 13 миллион еуро қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы uralsweek.kz хабарлады.

Мұндай жомарттықты Эстония мемлекеті жасап отыр. Экономика министрі Кадри Симсонның бастамасымен жүзеге аспақ. Мұндай жүйе алғаш рет астанасы Таллинде 2013 жылы енгізілген. Бұл бастама тұрғындар мен студенттер арасындағы қызығушылық тудырып отыр.

Бір қызығы, мұндай игі бастаманы тек халықтың 37 пайызы ғана қолдайды екен. Көбісі, қоғамдық көліктің қызметі нашарлайды деп отыр. Бірі, жеке көлікпен жүрген дұрысырақ дейді.