Белгілі «қоғам белсендісі» Самал Еслямованың жеңісіне күмән келтірді

Белгілі «қоғам белсендісі» Самал Еслямованың жеңісіне күмән келдірді. Кеше Францияда өткен Канн фестивалінде «Ең үздік актриса» аталымы бойынша жеңімпаз атанған қазақ қызы Самал Еслямованың жеңісіне күмәнмен қарайтындар да бар екен.

Солардың бірі «қоғам белсендісі», үнемі өзінің «жаға ұстатарлық» жаңалықтарымен бөлісіп жүретін Мұрат Телібеков.

Ол өзінің Фейсбук әлеуметтік желісінде: «Әрине, мен бұл қыздың жеңісіне қуаныштымын. Алайда, сізге әлсіз фильмнен мықты актрисаны табу күмән келтірмей ме?» деп жазды.

Бұған көбісі қарсы келіп, жауап қатты.

Роза Бақтығалиева есімді қолданушы: «Бұл фильм әлі де прокатқа шыққан жоқ. Сіз қалайша, мұндай тұжырым жасай аласыз?» десе, Саяна Бақтүлекова: «Ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз» деп кекетті.