Белгілі компания өз қызметкерлерін байқаусызда мультимиллионер қылып жіберді

Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясы өз қызметкерлеріне байқаусызда 105 миллиард доллар акциясын таратқан. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Компания акцияға ие әр қызметкеріне мың воннан (шамамен 0,94 доллар) таратпақ болған. Samsung Securities жұмыскері байқаусызда  құны 112,6 триллиона вонды құрайтын акцияны таратып жіберген (шамамен 105 миллиард доллар). Бұл баға компанияның нарықтағы бағасынан 30 есе көп. Бірнеше минуттың ішінде 16 қызметкері 5 миллион бағалы қағазды 185 миллион доллардан астам қаржыға сатып үлгерген. Салдарынан компания акциясы 12 пайызға дейін төмендеп кеткен. Қаржылық бақылаушылар тергеу жүргізуде. Қате жіберген қызметкер жұмыстан қуылған.