«Канелоның» техникасы мықты». Белгілі боксшы Головкин-Альварес кездесуіне 3 миллион доллар тігетінін мәлімдеді

Facebook Boxing Fans Worldwide en Español паблигі белгілі боксшы Мигель Коттоның Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуі жайлы айтқан сөзін келтірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

— Головкиннен гөрі «Канелоның» техникасы әлдеқайда мықты. Менің ойымша, қарымша кездесуде Альварес жеңіске жетеді. Тіпті, Канело нокаутпен жеңеді дегенге 3 миллион доллар тігуге даярмын, — деп мәлімдеді дейді паблик модераторы.