Қазақша құттықтау: 5 жыл. Оқу орнына арнау

Желдей есіп,

Бес жылдың да өткені,

Алтын ордам-

Назарбаев зияткерлік мектебі.

Жеткені оның – биік-биік асулар,

Асқақ шыңдар – аз-ақ жылда жеткені.

 

Асу бар ма біздің мектеп өтпеген,

Елбасының сөзі бар ед жет деген.

Содан ғылым жолын қудым ерте мен,

Содан жасыл өскін көрдім көктеген.

 

Оқы десе, ойнап жүріп күлмедім,

Орта жолда тастамастай білгенін –

Қазақ,

Орыс,

Неміс,

Қытай,

Ағылшын,

Үйренемін жалықпай-ақ тілдерін.

 

Келе жатқан мекенім – нұр,

Жолым – із,

Жақсы біздің босағамыз, төріміз.

Жақсы біздің ұстазымыз, үлгіміз,

Сіздер дағы жақсы адамдар болыңыз.

 

Ғылым жолын шуағымен көтерген,

Ғалымдардың еңбегімен өтелген,

Бізге мықты ұстаздар да келеді —

Алыс-жақын шетелден.

 

Жақсылыққа жетелесе кей ілім,

Шығар еді мына менен пейіл, үн.

Әлемді әсем құтқарады зор білім,

Әлемді енді құтқарады мейірім.

hikaia.kz