«Қазақ Алланы кім ретінде көретінін білемін»

— Намаз оқып жатқан кезде ойымыздың бөлінетіні өтірік емес…

— Міне, біз Алланы танымағандықтан ойымыз бөлінеді.

Абайдың:

 «Қазақ Алланы саудагер сияқты көреді» – дейтіні бар.

Алланы танымайтындығынан айтып отыр. Мысалы, саудагер келіп сауда жасаса, оған «күзге қарай кел, мен саған тайынша берем»,– дейді. Күзде келсе, «мен саған жоқ нәрсені жерден қазам ба, осы бұзауды алсаң ал, алмасаң қой»,– дейді. Солай сияқты, қазақ  Құдайды саудагер сияқты көреді, «тілім келмесе енді не істейін, осы оқыған намазымды қабыл ет, қабыл алмасаң өзің біл»,– дейді.

Демек, ихсан деңгейіне жету үшін Алланы тану керек. Сананы тазартып, иманды күшейту керек. Иман қашан күшейеді? Алланы таныған кезде күшейеді. Алланы танымасаң, механикалық түрде намазыңды оқи бересің. Намазды шүкіршілік ете отырып, оқу керек. Ғибадаттың бәрі шүкіршіліктен пайда болады.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің доценті 

Омар Жәлел

Әңгімелескен Ләззат Мақаш