Аяғы ауыр әншіні сахнада атып кетті (Видео)

 

24 жастағы әнші аяғы ауыр болғандықтан ән айтар алдында орындық  сұрап, отырып айтуға бел буған. Әнші Симон Самунды Пәкістан мерекелік шарасына шақырған. Отырып ән айтқанға көпшілік наразы болған.

Бірнеше мәрте әнші тұрып ән айтудан бас тартқан. Соңында амалсыз тұрған соң, көрермендердің біреуі оқ жаудырған.

Белгілі болғандай бұл Тарик Ахмед Джат есімді адам. Қайтыс болған әншінің күйеуі жазаның ауыр түрін қолдануды талап етіп отыр.