Ауғанда шейіт болған сәбилерге арналған өлең көпті жылатты

Құлындарым,
Тым қысқа болды неге ғұмырларың?!
Құранның қасиеті емес пе еді,
Құдайдың құдіретін ұғынғаның?!

Сорлы ғалам,
Болашағын балталап, бомбалаған.
Қарғысына ұшырап əке-ананың,
Жерді қалай басып жүр сол бір адам???

Бауырларым,
Сездіңдер ме алдыңда дауыл барын?!
Құдай-ай, жүрегі жоқ қандай залым?
Қынадай қырып салған тау ұлдарын!

Періштелер,
Қор болдың ау шағыңда жеміс берер.
Қазаны бұл қара жер көтергенмен,
Жазасын Алла олардың тегіс берер!

Қайрат Иманбеков,

ақын