Арман Қуанышбаев: «Ауызашарға қай бетіңізбен келдіңіз?»

Инстаграмда Арман Қуанышбаев айтқан уағыз тарады. Ол өз уағызында аузы бекітілмеген жандардың ауызашарға келуіне қатысты пікірін айтты.

«Сіз мұсылмансыз. Ауызашарға қай бетіңізбен келдіңіз? Қатты айтты демеңіз. Сіздің аузыңыз онсыз да ашық қой, ендеше қай жеріңізді ашуға келдіңіз? Ауызашарға сауап үшін келсеңіз, аузы бекітулі адамдарға қызмет көрсетіп, самаурынның басында тұрыңыз, табақ тасып, сауап жинаңыз. Сол адамдарға қызмет қылсаңыз, сіз бір нәрсе алып кетесіз. Әйтпесе құр тамақ жеп, қарныңызды тойдырып қайтасыз. Ақыңыз болмаған тамақты жеп кетесіз. Өйткені ол ауызашар, ораза тұтқан адамдарға арналған. Аузыңыз ашық болса, ауызашарға баруға ұялыңыз» дейді имам.

https://www.instagram.com/p/BjIUDsih-Th/?utm_source=ig_embed