Қанішерлер альбинос қыздың басын не үшін кескенін білген ел жағасын ұстады

Жантүршігерлік оқиға Мали елінде орын болған. Жергілікті фанаттар альбинос баланың үйіне баса көктеп кіріп, анасының көзінше 5 жастағы қызын алып кетеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Анасы олардың артынан қуа жөнелгенімен оларға жете алмайды. Тұрғындар көп ұзамай бес жастағы қыздың мүрдесін тауып алады. Жергілікті тайпа өкілдері қыздың басын кесіп әкеткен екен.

Африка құрлығының осы бөлігінде альбинос балалардың сүйегінен жасалған амулеттер аурудан емдеп, байлық шақырады деген наным-сенімді білдіреді. Өйткені альбиностар Айдың баласы деп саналады. Сондықтан бұл өңірде мұндай қылмыстар жиі орын алып тұрады. Альбинизм бұл туабітті дерт болып табылады.