Алматы қаласының бес қабатты үйін өрт шалды

Алматының Көкжиек шағынауданында бес қабатты үйдің бірінші және екінші қабатының балконынан өрт шықты. Бұл туралы Zakon.kz ҚР ТЖД сілтеме жасап хабарлады.

Алматы ТЖҚ 16:03-те дабыл белгісі жеткен. Өрт сөндіру қызметі 8 минутта жетіп, жұмысқа кірісіп кетті.

Қазіргі таңда 70 өрт сөндіруші мен 20 техника жұмылдырылған.

300 адам үйден шығарылды.

Жәбір көргендер жөнінде ақпарат берілген жоқ.