Қайыр сұраймын деп соққыға жығылған қайыршы желіні шулатты (Видео)

Осыдан бір апта бұрын ер адам көшеде қайыршыға ақша беріпті. Көшеде әскери киінген жігіт өзге қалаға қызымен кездесуге келіп, қызы оны алдап кеткенін айтып ағынан жарылған.

Қазір көк тиынсыз қалып, қайтар жолына ақша таба алмай қысылып қалғанын айтқан. Жігіттің аянышты әңгімесін естіп түсіністікпен қараған еркек оған жолына және ішер тамағына деп қомақты ақша ұстатыпты.

Бірер күннен кейін тап сол көшеде қайыр сұрап тұрған әскери жігітті көзі шалып қалды. Мүсіркеймін деп алданғанын білген еркек «қайыршы» жігітті жұрт алдына шығарып тәрбиелемек болды. Ол қолына қайыс белбеу алып жігітті өтірік алдағаны үшін аямай сабады. Өтіріктің арты бір тұтам…

ktk.kz