Адамның мезгілінен бұрын қайтыс болу себебі анықталды

Адамның мезгілінен бұрын қайтыс болу себебі анықталды.

Англияның Суррея Университеті ғалымдарының болжауынша, кеш ұйықтап кеш тұратын адамдардың ғұмыры қысқа болады екен. Бұл туралы MedicalXpress хабарлады.

Зерттеуге 38-73 жас аралығындағы 433 мың адам қатысқан. Зерттеу алты жарым жылдан астам жүргізілген. Нәтижесі — осындай. Кеш жатып, кеш тұрған адамның көбі жүрек ауруына шалдығып, жүйке жүйесі жұқарады екен.