Ақтөбеде базар қызметкерлері жолды бөгеп, қарсылық акциясын өткізуде (Видео)

Науқанның видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлап отыр.

Әлі де анықталмаған ақпарат бойынша, ақтөбеліктер базарды сырып тастауға қарсы.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеодан көріп отырғандарыңыздай бір топ адам көлік қозғалысын бөгеп, қарсылық акциясын өткізуде.

Болып жатқан жағдайды тәртіп сақшылары бақылап отыр.

Дегенмен Ақтөбе ІІД аталған жағдай туралы ақпарат берген жоқ.