16 жыл ұйықтаған қыздың ғажайып тағдыры

Нәзира Рүстемова осындай күйде 16 жыл болған.

Негізі Нәзираны өліп, қайта тірілген адам деуге болады. Өйткені летаргиялық ұйқыға кеткен 4 жасар Нәзираны ата-анасы жер қойнауына тапсырған. Себебі, еш тіршілік белгісінсіз ауруханада 7 күн жатқан соң, дәрігерлер оны өлді деп ата-анасына қайтарған. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде Назираның басы қатты ауырған екен. Соның салдары ма, әйтеуір, төрт жасында түнде ұйықтап кеткеннен, қайта оянбаған. Облыстық ауруханада бір апта жатқан соң дәрігерлер оны өлдіге санап, «мәйітін» ата-анасына қайтарып беріпті. Содан ата-анасы оны жерлеген.

Алайда сол күні түнде Нәзираның әкесі мен шешесі бірдей түс көреді. Белгісіз дауыс оларға, «өз қыздарыңды тірідей көміп, кешірілмес күнә жасадыңдар» дейді. Шошып оянған ата-анасы молаға жүгіреді. Моладан қыздарын қайта қазып алып, сол сәтте облыстық ауруханаға жеткізеді. Тексеру жүргізген дәрігерлер, қыздың жүрегінің минутына бір-екі рет соғып жатқанын анықтайды. Содан кейін ата-анасы оны Ташкенттегі ғылыми-зерттеу институтына апарады. Нәзира сол жерде ұйқыдан оянғанша жатқан.

Араға 16 жыл салып, 1985 жылы 29 тамыз күні Назира кенет оянады. Өзінің айтуына қарағанда Назира түсінде соғылған шылдырынан оянған. Кейінен Назира «түсімде қайта-қайта телефон шырылы естілді. Телефонды менен басқа ешкім көтермейтініне көзім жеткен соң, орнымнан тұрып, көрші бөлмеде тұрған телефон тұтқасын көтердім. Сол жерде отырған екі медбике есінен танып қалды. Жан-жағыма қарадым, жатқан кереуетім жоқ. Сөйтсем, мен көрші бөлмеге есіктен емес, қабырғадан еш кедергісіз өтіп кетіппін» деп болған жайды еске алған. Өзінің айтуынша, ол ұйқыға кеткенге дейін телефон, теледидар дегенді көрмеген. Кейінен белгілі болғандай, ауруханадағы Назира жатқан бөлменің есігі құлыптаулы болған. Ал оның көрші бөлмеге қалай өтіп кеткені әліге дейін жұмбақ күйде. Осы оқиғадан кейін Нәзираны мәскеулік дәрігерлер, психологтар да тексерген. Бірақ бұл жайға ешкім түсінік таба алмаған.

Тағы бір қызығы 16 жыл ұйқыда жатқан 20 жасар Назираның бойы не бары 28 сантиметрге өскен. Алайда, кейін оның бойы космостық жылдамдықпен, күн санап өсіп, қалыпты жағдайға жеткен. Айтуынша, оянған алғашқы кездерде бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза да білген. Кейіннен уақыт өте ұмыта бастаған. Десе де сол кездері қазақ, орыс, тәжік, өзбек, араб тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Ал мұндай ерекше қасиетке «Алланың құдіреті» дегеннен басқа түсінік жоқ.

Алғашқы кезде ол бір орында тұрып, еш кедергісіз 10-15 сантиметр жоғары көтерілетін болған. Жануарлардың тілін түсінген. Мұндай ерекше қасиеттер оның бойында көп уақытқа дейін сақталған.

Арадан бірнеше жыл өткенде Назира ол қасиеттерін жоғалтқан.

Есесіне оның бойына емшілік қасиет қонған. Тылсым күштің бойына сыймай кететінен бе екен, бір жылдары Нәзираның қыс мезгілінде де көшеде құр жейдемен, жалаңаяқ жүрген кездері болған. Сол үшін Мәскеудің полицейлері оған бірнеше рет қатаң ескерту жасап, тіпті, қамап та қойған.

qasym.kz