16 жастағы қыздың қоштасу хаты әкесінің жүрегін тоқтата жаздады

«Сүйікті әкем мен анам!

Мұндайды хат арқылы хабарлауға тура келгеніне өкінемін. Бірақ, мен басқа әлемге кетіп бара жатырмын. Мен оны жақсы көремін. Әмірді. Менің қосағым.

Барлық жан-тәніммен сүйемін оны. Оның мықты мотоциклі бар.

Айтпақшы, айтуды ұмытып кетіппін ғой: біздің кішкентайымыз болады. Аяғым ауыр болғанына екі ай болды. Әмір екеуміз өмір сүретін боламыз. Киноға түсетін ойымыз бар. Екі аптадан соң үйлену тойын жасамақпыз.

Есірткі деген ел айтқандай жаман емес екен. Соны қолданбақшымын.

Үйге қайтып келгенде немерелеріңді көрсетемін.

Жақсы көремін сендерді!

P.S: Әкешім, мұның барлығы ойдан шығарылған нәрсе. Мен көрші үйдемін. Уайымдама! Футболға бола қайғырудың қажеті жоқ. Бағалы жандар барын ұмытпау үшін әдейі осылай жаздым, әке! Көп кешікпей келемін.