Мөлдір Әуелбекованы басшылық қызметке алып келген кім екені белгілі болды

Жақында басшылық қызметке тағайындалған Мөлдір Әуелбекова өзін бұл орынға кім әкелгенін ашық айтты деп хабарлайды «Gakku» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншіге «Қазақконцерттің» эстрада бөліміне басшылыққа аз уақыт бұрын шақырған.

«Маған бұл ұсыныс ойда-жоқта түсті. Мені Жеңіс Сейдоллаұлы өзі шақырды. Ол кісі көптеген мекемелерде басшы болған. Ол кісі «Қазақконцерттің» директоры болып тағайындалған болатын. Енді жақсы жұмыс атқарамыз деген үміттемін», — деді әнші.

Айта кетейік, әнші мамыр айынан бастап «Қазақконцерттің» қолдауымен гастрольдік сапарға шықпақшы.