118 баланы асырап алған адамның не үшін тұтқындалғаны белгілі болды

Өзінің миллионер екенін жариялаған әйел 118 баланы асырап алғаны үшін тұтқындалды. Қытайда полиция 118 баланы асырап алған әйелді тұтқындады. Ол жетімдерге бөлінген ақшаны өзі иемденіп келген деп күдіктеліп отыр.

Бұл туралы Global Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ли Лицзюань 22 жыл бұрын балаларды асырап алуға шешім қабылдаған. Ал 11 жылдан кейін «Махаббат ауылы» аталатын жеке меншік балалар үйін ашқан. Алайда қытайлық әйел бұл қайырымдылықты өз пайдасы үшін жасай бастаған.

Белгілі болғандай, Ли Лицзюань асырап алған балаларын шенеуніктерді қорқытып, сес көрсету мақсатында пайдалана бастағаннан кейін құқық қорғау органдарының күдігіне іліккен.

Қалалық билік балалар үйін жауып, 74 баланы алуға шешім шығардым. Балалар үйіндегі кейбір тәрбиеленушінің ата-анасы бар екен.