1,5 жастағы баланың өмірі үшін соттасып жатқан ата-ананың оқиғасы көпті елжіретті

Альфидің ата-анасы Том Эванс пен Кейт Джеймс періштелерінің өмірі үшін жанталасып күресіп жатқанына, соттасып жүргеніне біраз уақыт болды. Ең басында баланы Италияға апармақшы болған. Содан соң олар ақша жинап, баланы үйде күтуге шешкен. Бірақ ливерпульдік дәрігерлердің пайымдауынша, баланы жүйеден ағыту керек. Олар тіпті сотқа да шағым білдірген. Айтуларынша, баланы емдету оны тіптен қинай түседі. Одан да көнген дұрыс деп отыр. Баласын кім қисын ондайда? Соңына дейін күреседі емес пе?

Альфидің ата-анасы Лондан және Еуропа Жоғарғы сотына адам құқығы жөнінде арыз білдірген еді. Алайда екеуінде де жеңіліп қалды. Рим Папасы мен Ақ үйдің өтінішіне де қарамастан, оң шешім шығармады.

Ата-ана соңына дейін күресеміз деп отыр. Сот көп нәрсені назарға алған жоқ дейді. Олардың айтуынша, бала кейде жымияды дейді.

hikaia.kz